Елорда жаңалықтары

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада отбасылық эстафета өтті

Астанадағы орталық саябақта Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қала мекемелері қызметкерлері арасында отбасылық эстафета өтті.

Жарыс спортты және отбасылық құндылықтарды, еңбек адамына құрметті насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі жарысқа қатысушы Туратаевтар отбасы осындай жарыс көп болса, нұр үстіне нұр болар еді деп ниет білдірді. 

“Спортпен айналысуға ынтамды көтерді. Отбасымызбен спортпен айналысамыз. Ұйымдастырушыларға рақмет, Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы шаралар жалғаса берсін! Жарыс жақсы деңгейде өтті. Ауа райы, көңілкүй керемет! Спортпен шұғылданыңыздар! Зор денсаулық тілеймін”, - деді ол.

Жарыс соңында бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.