Елорда жаңалықтары

«ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу»: «Бәйтерек» қызыл түске боялды

Кеше елорда уақытымен кешкі 21.00-ден 23.30-ға дейін «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы қызыл түсте жанды, деп хабарлады Elorda.info.

ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай Астана қаласы  «АИТВ -инфекциясының алдын алу  орталығы»  15 мамыр мен 21мамыр аралығында қоғам назарын осы індетке аударуға бағытталған көптеген іс-шара ұйымдастырды. Сондай шараның бірі 21 мамырда елорда сағатымен кешкі 21.00-ден 23.30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің жарығы қызыл түске боялып жанды және «ҚТЖ ҰК» АҚ ғимаратында (Қонаев көшесі, 6) әлеуметтік бейнероликтер  кешкі уақытта үздіксіз көрсетілді. 

WhatsApp Image 2023-05-22 at 10.53.27.jpeg

Айта кетейік, Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні. 

-->