Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек: Биыл алты жатақхана салу жоспарланып отыр

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек студенттерге арналған жатақханалардың құрылысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар, 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сол сияқты әкімшілік тарапынан жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдері бөлінді.

-->

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек студенттерге арналған жатақханалардың құрылысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

«Астанаға оқуға келетін студенттер саны жыл сайын артып барады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының балансында 16 мың орынға арналған 40-тан астам студенттік жатақхана бар. Ал жалпы қажеттілік – 6 мың 400 төсек-орын.

Жауапты министрлікпен, университеттермен, инвесторлармен бірлесіп, жатақханалардағы орындарды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге студенттерге арналған жатақханалардың құрылысымен таныстық.

Биыл МЖӘ аясында алты жатақхана салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар 4,5 мыңға жуық орын құруға мүмкіндік береді» , - деді Астана қаласы әкімі.

Сонымен қатар, 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сол сияқты әкімшілік тарапынан жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдері бөлінді.

«Былтыр 1800-ден астам төсек-орын ашылды. Сонымен қатар, 2023 жылы студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе ашылды. (Бейбітшілік көшесі, 9). Фронт-кеңсенің негізгі міндеті – жатақханалар салу бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, студенттерді баспанамен қамтамасыз ету, ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету», - деді Ж.Қасымбек.