Қыздарымен бірге билеген 50 елордалық әке жұртты сүйсінтті
Астана қаласындағы №108 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларының әкелері қыздарымен бірге ерекше би биледі. Осылайша әкелер 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аналар мен қыздарға деген құрметін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отбасылық құндылықтарды нығайту және әкелер мен қыздар арасындағы ерекше байланысты көрсету мақсатында өткен шараға 50 әке қатысты. Олар қыздарымен бірге кәсіби хореографтардың жетекшілігімен дайындаған билерін орындады.
Шара ұйымдастырушылары әкелердің өз қыздарымен бірге өнер көрсетуінің ерекше мәні бар екенін атап өтті. Әкелер мен қыздар бір-бірімен уақыт өткізіп, рухани жақындасып, өнер арқылы отбасындағы махаббат пен сыйластықты нығайтты.