Ваучерлік қаржыландыру 18 санат бойынша бөлінеді - Қасымхан Сенғазыев
Астана қаласының Коммуникациялар брифингінде Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев ваучерлік қаржыландырудың негізгі қағидаттарын айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ваучерлік қаржыландырудың негізгі қағидаттары бар. Мәселен, бұрын ата-аналар балабақшаға орын үшін кезекке тұрса, қазір ваучерге кезекке тұрады. Сондай-ақ бұған дейін балабақшаны Білім басқармасы анықтаса, қазір балабақшаны ата-ана таңдайды. Сол тәрізді мемлекеттік тапсырыс балабақшаға бекітілсе, қазір ваучер баланың соңынан ереді», - деді Қ.Сенғазыев.
Оның айтуынша, ваучерлік қаржыландыру жүйесінде кезек баланың жасы және әлеуметтік мәртебесіне қарай 18 санат бойынша бөлінеді. Әрбір санаттың өзінің кезегі болады. Ваучер итерация (қайталану жолымен) беріледі. Кезек автоматты түрде жылына 2 рет өзектендіріледі.