Вандализммен күрес бәрімізге ортақ міндет
Астана көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күн сайын 2 500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери бөлімінің қызметкерлері күзетеді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі, оның ішінде Астанадағы тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қаңтарынан бастап вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін жаза қатаңдатылды. Президент 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті түзетулерге қол қойды.
Мәселен, залал 200 АЕК-тен (690 мың теңге) аспайтын бөтен мүлікті қасақана бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы) енгізілді.
Осы жылдың басынан бастап жоғарыда аталған бап бойынша 29 құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, мамыр айында Ш.Қосшығұлұлы көшесіндегі №10 үйдің жанында қала тұрғыны бөтен мүлікті қасақана бүлдіріп, шлагбаумды майыстырып кеткен. Сот оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 20 АЕК айыппұл салды.
«Нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру аясында биыл Астанада алты ай ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша 555 хаттама жасалды.
Нақтырақ айтқанда, шілде айының басында елорданың 28 жастағы тұрғыны Тоқпанов көшесіндегі №8/6 үйдің кіреберісіне дәрет сындырып кеткен. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалды.
Дәл осыған ұқсас жағдай маусым айының соңында Кенесары көшесіндегі №4 үйде де болды. Тәртіп бұзушы Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Ол 10 күнге қамауға алынды.
Полиция мен елорда әкімдігі азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне зиян келтірмеуге шақырады. Кез келген құқық бұзушылық анықталады, тиісінше жауапкершілікке әкеп соғады.
Айта кетейік, кеше елорданың волонтерлері қаланың көрікті орындарының бірі – «Атырау көпірін» түрл граффитилерден тазартты.
-->Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі, оның ішінде Астанадағы тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қаңтарынан бастап вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін жаза қатаңдатылды. Президент 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті түзетулерге қол қойды.