Елорда жаңалықтары

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлесін қосқандарға алғысымды білдіремін - Ерлан Каналимов

Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

 «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Біздің қоржында 114 медаль: 44 алтын, 33 күміс және 37 қола. Ойындарға дайындалу барысында бірнеше ай бойы тынымсыз еңбек етілді, мыңдаған адам бұл шараны өткізуге атсалысты. Бүгін мен өз үлесін қосқан барлық адамдарға жеке алғысымды білдіргім келеді – коммуналдық қызметкерлерге, энергетиктерге, «Астана Тазалық», «Астана Зеленстрой» қызметкерлеріне, тәулік бойы кез келген ақауларды жоюға дайын жедел әрекет ету бригадаларына үлкен рақмет», - деді Е.Каналимов. 


Сондай-ақ, ол тәртіп сақшыларына, құтқарушылар мен медицина қызметкерлеріне ерекше алғыс айтты. 

 «Сіздердің арқаларыңызда ойындар келеңсіз жағдайларсыз өтіп, халықтың ықыласына бөленді. Қалалық және аудандық әкімдік қызметкерлеріне, ойындарды ұйымдастыру дирекциясы мен жұмыс штабына, құрылыс компаниялары мен кәсіпкерлерге, авто және такси парктеріне жеке ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңізге баға жетпейді, барлықтарыңызға табыс, отбасылық бақыт, денсаулық және бар жақсылықты тілеймін!» - деді ол.