ТЖМ қызметкерлері коттеджден шыққан өртті сөндірді
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Астана қаласының өрт сөндірушілері Есіл ауданы Мереке көшесі бойындағы коттедждегі өртті сөндірді.️ Оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Коттеджде адамдар жоқ. Нақтыланған мәліметтер бойынша Есіл ауданы Мереке көшесі бойындағы 2 қабатты коттедждің шатырында өрт шықты. Өрттің ауданы анықталуда. Өрт толығымен 250 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп жазылған хабарламада.