ТЖД елорда тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін Астанада жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Төтенше жағдайлар кезінде Астана әкімдігі «109» қызметіне хабарласуды сұрайды.
Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
-->Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін Астанада жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар кезінде Астана әкімдігі «109» қызметіне хабарласуды сұрайды.
Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.