Елорда жаңалықтары

Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскедегі Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қозғалыс 28-30 шілде аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

-->