Тоқаев: Астананың салынуы – Қазақстан тарихындағы айрықша оқиға болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумы басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысы форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, арнайы келген қонақтар мен барша қатысушыларға ришалығын білдірді.
-->Мемлекет басшысы форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, арнайы келген қонақтар мен барша қатысушыларға ришалығын білдірді.
Бүгін бауырлас қалалардың басшылары осы форумда бас қосып отыр. Әлемнің әр түкпірінен арнайы келген мәртебелі меймандар бар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздермен Астана қаласында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Биыл біздің елордамызға 25 жыл толып отыр. Бұл – мерейлі белес. Біз ширек ғасыр бұрын астанамызды Алатаудың баурайынан Арқа төсіне көшірдік. Есілдің жағасына ел қондырып, жаңа қаланың іргесін қаладық. Бүгін осы маңызды жиынға елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті тұрғындары, еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр.
Олар Тәуелсіз Қазақстанның тірегі болған Астананың құрылысына белсене атсалысты, кеңес заманындағы ескі шаһардың қазіргі заманға сай озық қалаға айналуына зор үлес қосты. Мен баршаңызға шынайы алғыс айтамын. Шын мәнінде, Астана қаласының салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды, - деді Президент.