Өткен жылы iKOMEK орталығына 2 миллионнан астам өтініш түсті
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Алматы ауданының тұрғындарына есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесуге келген қала тұрғындарының бірі жанар-жағармай құю станциялары маңындағы автожолдарға бензин төгілуіне қатысты қайда шағымдануға болатынын сұрады.
-->Кездесуге келген қала тұрғындарының бірі жанар-жағармай құю станциялары маңындағы автожолдарға бензин төгілуіне қатысты қайда шағымдануға болатынын сұрады.
Бізде iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы бар. Өткен жылы бұл қызметке 2 млн-нан астам шағымдар мен өтініштер келіп түскен. Олардың барлығы бойынша жұмыстар атқарылды. iKOMEK109 өте маңызды қызмет. Сондықтан мекенжайды көрсетсеңіз мәселені аудан әкімі назарға алады, - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.