Тимур Байтасов: Семсерлесу спортында кез келген спортшының бағы жануы мүмкін
Семсерлесуден Милан қаласында өткен әлем чемпионатында отандасымыз Руслан Құрбанов ел тарихындағы алғашқы қола жүлдені қанжығасына байлады. Осы орайда Elorda.info тілшісі семсерлесу спортынан мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасовпен сұхбаттасқан еді.
- Италияда өткен әлем чемпионатын қалай бағалайсыз?
1/32 финал. Йозеф Махрингер (Аустрия) 15:14
1/16 финал. Конрад Сейбек Конгстад (Дания) 10:7
1/8 финал. Янник Борель (Франция) – 2018 жылғы әлем чемпионы 15:14
1/4 финал. Валерио Куомо (Италия) 15:12
1/2 финал. Мате Тамаш Кох (Венгрия) – жасөспірімдер арасында ӘЧ 11:15
Семсерлесуден командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы жүлде алмағанымен, ширек финалға дейін жетіп, алғаш рет 7-орынға тұрақтады.
- Семсерлесу спортынан әлемде қай елдер мықты саналады?
- Олимпиада жүлдегерлерінің тізіміне қарасам, жүлдегерлер үнемі ауысып отырады. Бәсекелестік жоғары ма?
- Жалпы семсерлесу спортынан Қазақстан құрамасы сонау 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері өнер көрсетіп келеді екен. Бірақ ақпарат беттерінде 2-3 жылдан бері ғана естіп келеміз?
- Бұған дейін Олимпиадада семсерлесуден ең сәтті өнер көрсеткен спортшы кім?
- Семсерлесу спорты 3 түрге бөлінеді екен. Олардың бір-бірінен не айырмашылығы бар?
- Еліміздегі семсерлесу спортын қалай бағалайсыз?
- Семсерлесудің құрал-жабдықтары қанша тұрады?
- Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
- Сұхбатыңызға көп рақмет!
Сұхбаттасқан Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->- Италияда өткен әлем чемпионатын қалай бағалайсыз?
Қазір Олимпиадалық кезең. Оның үстіне әлем чемпионатында ұпай өзге жарыстарға қарағанда 2-3 есе жоғары беріледі. Сондықтан, биылғы біріншілікке әлемнің көптеген елдерінен келді. Тіпті қара құрлықтың Маврикий, Кот-д'Ивуар, Сенегал т.б. мемлекеттері жүлдеден дәмеленіп келді. Руслан Құрбанов сайысқа түскен семсерлесу жаттығуында 257 спортшы болды. Жоғары бәсекелестіктің арасынан жартылай финалға дейін жету өте қиын.
1/32 финал. Йозеф Махрингер (Аустрия) 15:14
1/16 финал. Конрад Сейбек Конгстад (Дания) 10:7
1/8 финал. Янник Борель (Франция) – 2018 жылғы әлем чемпионы 15:14
1/4 финал. Валерио Куомо (Италия) 15:12
1/2 финал. Мате Тамаш Кох (Венгрия) – жасөспірімдер арасында ӘЧ 11:15
Семсерлесуден командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы жүлде алмағанымен, ширек финалға дейін жетіп, алғаш рет 7-орынға тұрақтады.
- Семсерлесу спортынан әлемде қай елдер мықты саналады?
Әлемде ең мықтылардың қатарына Франция, Италия, Испания, Венгрия, Азия құрлығынан Оңтүстік Кореяны айтар едім.
- Олимпиада жүлдегерлерінің тізіміне қарасам, жүлдегерлер үнемі ауысып отырады. Бәсекелестік жоғары ма?
Жаһанда семсерлесудің бәсекелестігі өте жоғары. Шамамен 64 спортшының деңгейі бірдей деп айтуға болады. Психология, құлшыныс т.б. кішігірім бөлшектер жеңімпазды анықтайды. Семсерлесу спортында кез келген спортшының бағы жануы мүмкін.
- Жалпы семсерлесу спортынан Қазақстан құрамасы сонау 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері өнер көрсетіп келеді екен. Бірақ ақпарат беттерінде 2-3 жылдан бері ғана естіп келеміз?
Ең алғаш 1996 жылы ел атынан Вячеслав Григорьев қана қатысып, алғашқы айналымда Франция спортшысы Филипп Омнестен 4:15 есебімен жеңілген. Қазір Вячеслав АҚШ-та тұрады. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында рекордтық 5 семсершіміз қатысқанымен, барлығы бірінші айналымда жарыс жолын аяқтады. 2004, 2008 жылдары Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатыса алмады. 2012 жылы – 2, 2016 жылы – 1, 2021 жылы – 1 спортшы өнер көрсетті. Өкінішке қарай, 2012 жылы Эльмир Әлімжанов пен 2021 жылы Руслан Құрбанов қана бір қарсыласын жеңе алды.
- Бұған дейін Олимпиадада семсерлесуден ең сәтті өнер көрсеткен спортшы кім?
2012 жылы Лондон Олимпиадасында Эльмир Әлімжанов фавориттердің бірі ретінде саналды. Ол Олимпиадалық іріктеуде 13-орынмен өтті. Дегенмен, ол үшін ең ыңғайсыз қарсылас Оңтүстік Корея еді. Себебі, 2011, 2012 жылдары өткен Азия чемпионатының финалында жерлесіміз Чон Джин Соннан (Оңтүстік Корея) жеңілген болатын. Жеребе қос спортшыны Олимпиадада 1/8 финалда тағы да түйістіріп, өкінішке қарай, отандасымыз 8:15 есебімен жол берді.
Қазақстан ұлттық құрамасы 1996, 2000 жылдары өткен Олимпиадаға қатысқанымен, бірінші айналымда сүрінген еді. Ал 2012 жылы Эльмир Лондонда қарсыласын жеңген алғашқы отандық спортшы атанды.
- Семсерлесу спорты 3 түрге бөлінеді екен. Олардың бір-бірінен не айырмашылығы бар?
Сапы (шпага) жаттығуында семсердің ұшы спортшының кез келген жеріне тисе, ұпай саналады. Семсердің салмағы 750 граммды құрайды.
Найза (рапира) жаттығуында семсердің ұшы спортшының тек кеудесіне тиюі қажет. Семсердің салмағы 500 граммды құрайды.
Қылыш (сабля) жаттығуында семсердің кез келген тұсымен спортшының кеудесі, қолы, басына ғана тигізуі қажет. Қылыштың салмағы 500 граммды құрайды.
- Еліміздегі семсерлесу спортын қалай бағалайсыз?
Ел ішінде 11 облыста семсерлесу секциясы бар. Оның арасынан Алматы, Шымкент, ШҚО, Абай облысы, Қарағанды облыстары мықты. Кейінгі кездері Жамбыл облысы көтеріліп келеді.
2016 жылдан бері Семсерлесу ұлттық федерациясының президенті Мірболат Абуов қолдап келеді. Соның арқасында биыл Стамбұлда өткен әлем кубогында командалық бәсекеде топ жардық. Руслан Құрбанов Париждегі әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды. Міне, әлем чемпионатында алғаш рет қола жүлдеге қол жеткіздік. Қылыштасу сайысынан қыздарымыз тұрақты түрде Азия чемпионатында жүлделі орындардан көрінеді. Қылыштасу сайысынан ерлер арасында Артем Саркисян Италиядағы әлем кубогында 2-орын алды. Бұған дейін қылыштасуда тек ТОП-20 рейтингте жүретінбіз.
- Семсерлесудің құрал-жабдықтары қанша тұрады?
1 спортшыға арналған толыққанды жиынтық 1 500 еуро тұрады. Семсердің өзі 140 еуродай болады. Бірақ семсер кез келген уақытта сынып кетуі мүмкін. Сондықтан спортшыда қосымша семсерлер бірге жүреді.
- Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
Олимпиадаға рейтингтік ұпай беретін 4 әлем кубогы қалды. Швейцария, Канада, Германия, Аргентинадағы жарыстарда жақсы өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасына мейлінше көп жолдама алуды қалаймыз.
- Сұхбатыңызға көп рақмет!
Сұхбаттасқан Қанат БАЙҰЗАҚОВ