Елорда жаңалықтары

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келеді

2 қазанда Астанада Президенттің қатысуымен alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының ресми ашылуы өтеді. Салтанатты шара аясында әлемге танымал сарапшылар мен технология көшбасшылары бас қосатын пленарлық отырыс ұйымдастырылады. Солардың ішінде Павел Дуров болады деп күтіліп отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Дәл сол күні Generative Nation Pitch — жасанды интеллектке арналған үздік жобалардың республикалық питч-сессиясы өтеді. Қатысушылар төрт санат бойынша бақ сынайды:
— мектеп оқушылары (12–18 жас);
— колледж және ЖОО студенттері;
— дайын MVP-і бар стартап-командалар;
— ғылыми-зерттеу жобалары.

Финалға шыққан қатысушылар өз идеяларын халықаралық сарапшыларға, инвесторларға және мемлекеттік өкілдерге ұсынып, Қазақстанның Generative Nation қауымдастығын қалыптастырудағы әлеуетін көрсетеді.