«Таза Қазақстан»: Елорданың қоқыс полигондарынан 55 тоннадан астам қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында рұқсат етілмеген қоқыс полигондарынан 55 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыстарға 60 мамандандырылған техника, оның ішінде 10 жүк тиегіш және 50 самосвал жұмылдырылды.
Ауқымды экоакция шеңберінде ауданды санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.