«Таза Қазақстан» : Байқоңыр ауданында екі мыңнан аса ағаш пен бұта отырғызылды
Бұл туралы Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді аудан тұрғындарымен есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Талғат Рахманберді ауданда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстарының қарқынды жүзеге асып жатқанын айтты. Сонымен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда да бірқатар жұмыстар атқарылуда.
«Біздің жұмыстың басым бағыттардың бірі - ауданды көгалдандыру. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 1204 дана ағаш және 1099 дана бұта отырғызылды.
Суару жүйесінің жаңа учаскелері құрылды, ал ағаштарды күтіп, кесу былтырғы жылдан 2,5 есе асатын көлемде жүргізілді», - деді Т. Рахманберді.