Елорда жаңалықтары

«Таза Қазақстан»: Астаналықтар саябақты қоқыстан тазартты

Алматы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған акция аясында Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ қоқыстан тазартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сенбілікке «Астана-ЕРЦ» ЖШС мен «Dosjan Temir Joly» АҚ-ның 100-ден астам қызметкері, сондай-ақ жергілікті белсенділер қатысты.

«Күзде жерге түскен жапырақтар өрт қаупін арттырады. Сондықтан бұл шара бірінші кезекте қала тазалығын сақтауға және елорда саябақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар ұжым мен тұрғындардың бірлігіне септігін тигізіп, экологияға оң әсерін тигізеді», - деп атап өтті «Dosjan Temir Joly» АҚ компаниясының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас менеджері Меруерт Жүсіпова.