Тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы өндірілетін болды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер жауапкерден тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдаған.
Сотта жасалған бітімгершілік келісімге сәйкес жауапкер 200 000 теңге өтемақы төлеуге және талап қоюшының «New balance» тауар белгісі бейнеленген тауарды жоюға міндеттенді.
Бітімгершілік келісім бекітілгендіктен, осы азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.