Елорда жаңалықтары

«Тарих таңдаған Астана»: Елордада теміржол вокзалында фотоқұжаттық көрме өтіп жатыр

«Нұрлы жол» теміржол вокзалында Қазақстан астанасының даму тарихына арналған «Тарих таңдаған Астана» атты фотоқұжаттық көрме өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараны «Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ ұйымдастырды. Көрмеге Астананың қалыптасуының түрлі кезеңдерін бейнелейтін шығармашылық жұмыстар қойылған.

Көрме апта соңына дейін жалғасады.

Көрмеде елордамыздың қысқаша тарихы, өткені мен бүгінінен сыр шертетін, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын фото-құжаттар топтамасы ұсынылды. Көрме Нұрлы жол вокзал кешенінің 4 қабаттағы орталық залында орналасқан.