Тамыз айында Қазақстанда инфляция деңгейі 8,4% құрады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында Қазақстанда инфляция деңгейі 8,4% құрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақылы қызметтердің бағасы 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.
«2023 жылғы тамызымен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, қоқыс шығаруға – 23,5%, су бұруға – 22,9%, электр энергиясына – 22,8%, суық суға – 21,9%, ыстық суға 20,2% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері - 12%, байланыс қызметтері 14,9% қымбаттады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 58,5%, белсендірілген көмірге – 30,4%, хилак фортеге – 24,3%, парацетамолға 20,1% өсті. Банан – 28,3%, қызанақ – 24,9%, қияр, зәйтүн майы 21,6% жүзім 21,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 27,6%, қарақұмық жармасы – 23,4%, күнбағыс майы – 17,2%, пияз 14,2% арзандады.