Табиғат Зейнұлқабден су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті әріптестер мен су саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында әр үйге таза су жетіп, халықтың денсаулығы, ауыл шаруашылығы мен өндіріс салаларының дамуы қамтамасыз етіледі.
Бұл – өмір мен өркендеудің қайнар көзі!
Сіздерге зор денсаулық, тұрақтылық, қоғамның құрметі мен алғысын тілейміз.
Жаңа табыстар, мөлдір бұлақтар мен тыныш өмір ағысын тілейміз!» - делінген құттықтауда.