Елорда жаңалықтары

Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орынбор көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылында «Барыс Арена» спорт кешенінің алдындағы жолдың жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталмыш жол учаскесі 22-23 тамыз аралығында толығымен жабылады.

Жол жөндеу кезеңінде «The Square Бизнес-орталығы» және «Барыс Арена СК» аялдамаларына қалалық қоғамдық көліктер қызмет көрсетпейді.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген хабарламада.