Сығанақ және Түркістан көшелерінің қиылысы жөндеуге жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ және Түркістан көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты, 26 маусым сағат 20:00-ден 27 маусым сағат 20:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабық болады.
-->

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.