ШЫҰ саммиті: Елордада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету пысықталды
Астаналық ТЖД-да Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтің төрағалық етуімен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы бойынша отырыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Отырыс барысында Астана қаласы және Ақмола облысы ТЖД бастықтарының орынбасарлары, Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің бастығы және Астана Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменінің бастығы саммитке дайындықтары, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, жеке құрамның, техниканың дайындығы жөнінде баяндады. Сонымен қатар бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
Елордада ШЫҰ саммиті өтуі кезінде Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД жеке құрамы мен техникасы қосымша жұмылдырылатын болады.
-->Астаналық ТЖД-да Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтің төрағалық етуімен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы бойынша отырыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.