Сығанақ көшесінің учаскесі ішінара жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сығанақ көшесінің сол жақ жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осыған байланысты 24-26 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етілетін болады», -делінген хабарламада.
Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау қаперге берілді.