Светлана Айтбаева мүмкіндігі шектеулі жас өнерпаздармен кездесті
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, мемлекеттік академиялық филармония директоры Ерлан Дәкенов пен әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева ерекше балалар мен олардың ата-анасымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
«Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған кездесуге халықаралық және республикалық байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары және олардың аналары келді.
Сонымен қатар әнші жас өнерпаздарды фортепиано, скрипка мен басқа да аспаптармен қатар домбыра тартып үйренуге шақырды.
Ерлан Дәкенов өнерлі балаларды қолдауға әрқашан дайын екенін және алда тағы кездесулер ұйымдастырылатынын жеткізді.
Кездесуге келген балалардың бірі Абылай Мұстафин жақында Италия мен Түркияда өтетін халықаралық жарыста бақ сынамақ. Ол өнер байқауында Димаштың «Ұмытылмас күндер» әнін шырқайтынын айтты.
Оқушылар Светлана Айтбаеваға Димаштың бала кезі мен өнерге қалай келгені туралы сұрақтарын қойды. Сонымен қатар ән шырқап, өнерлерін көрсетті.
-->«Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған кездесуге халықаралық және республикалық байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары және олардың аналары келді.
Астана қаласының филармониясында да мүмкіндігі шектеулі жандар қызмет етеді. Олар әлемдік аренада да өнер көрсетіп жүр. Яғни баланың бойында өнері мен талабы болса оған ештеңе шектеу бола алмайды деп санаймын. Сахнаға шыққанда олардың денсаулығындағы қандай да бір кінәрат, ерекшелігі байқалмайды. Біз де, көрермендер де тек оның дауысын естіп, өнерін бағалаймыз. Сондай-ақ, осындай балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға жас өрендерді шығармашылықпен қоса білімге, еңбекке баулу керектігін айтқым келеді, - деді Светлана Айтбаева.