Елорда жаңалықтары

Соңғы жылдары елордаға 14 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды

Бұл туралы «Астананың 25 жылдығы. Жаңа даму бағыты, Жаңа мүмкіндіктер» атты бауырлас қалалардың мерейтойлық форумында қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Шаһар басшысының мәліметінше, елордада 25 жыл ішінде тұрғын үй құрыллысы да қарқанды  дамыған. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде мектеп пен балабақшалар саны да айтарлықтай өскен.  

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

 

Астана қаласы әлем астаналары мен муниципалитет басшыларын қабылдап отыр. Бүгінгі форум ерекше себеппен өтіп отыр. Бауырлас қалалар форумы, әлемдік қалалар қатарында дамып келе жатқан елордамыз үшін аса маңызды.
Әлемнің 13 мемлекетінен 17 муниципалитет басшыларының осы форумға қатысуы біз үшін үлкен мәртебе. Әрқайсыларыңыздың қатысуыңызды біз жоғары бағалаймыз. Бұл форум өзара ынтымақтастықты дамытып, бірге дамудың жаңа моделін қалыптыстырады деген сенімдемін, - деді қала әкімі.

Шаһар басшысының мәліметінше, елордада 25 жыл ішінде тұрғын үй құрыллысы да қарқанды  дамыған. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде мектеп пен балабақшалар саны да айтарлықтай өскен.  

Соңғы жылдары Астана 14 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты. Небәрі 25 жыл ішінде біз 33 млн шаршы метр тұрғын үй, 670 балабақша мен мектеп, жүзден астам мәдени және спорт нысандарын салдық. Астана әлемдік ауқымдағы таланттарды, жастарды, туристерді, инвесторларды және компанияларды тартатын креативті экономикасы бар сауда ағындары үшін аймақтық хабқа айналды. Шағын және орта бизнеске негізделген қала экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ететін құрылымы қалыптасты, - деді Жеңіс Қасымбек.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ