Әскери оркестр елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Бүгін Отан қорғаушылар күні аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі астаналықтарға өз өнерлерін тарту етті, деп хабарлады Elorda.info.
Қалыптасқан дәстүр бойынша әскери музыканттар елорданың халық ең көп жиналатын орталық саябағында өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.
ҚР Қарулы күштерінің бас әскери дирижері, подполковник Алмас Ибрагимовтың сөзінше, Орталық әскери оркестр ұжымы мұндай жиындарға ерекше мән береді.
Бас дирижердің айтуынша, әскерилер бір сапта тұрып ән орындау үшін ұзақ уақыт дайындалады.
Көрермендер әскери үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы марштық музыканы жылы қабылдады.
-->Қалыптасқан дәстүр бойынша әскери музыканттар елорданың халық ең көп жиналатын орталық саябағында өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.
ҚР Қарулы күштерінің бас әскери дирижері, подполковник Алмас Ибрагимовтың сөзінше, Орталық әскери оркестр ұжымы мұндай жиындарға ерекше мән береді.
Бүгінгі жиын елордада алғаш рет емес және соңғы рет деп айтуға болмайды. Әрқашанда оркестр халық көп жиналатын орындарда, саябақтарда және түрлі ойын-сауық орталықтарында өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Жалпы оркестірімізде 34 адам бар. Олар бүгін танымал композицияларды орындайтын болады. Жалпы мұндай жиындар қала тұрғындарының патриоттық сезімдерін оятады. Бұл жолы да әскери музыканттар тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай алпды деп толық сеніммен айтуға болады,- дейді ол.
Бас дирижердің айтуынша, әскерилер бір сапта тұрып ән орындау үшін ұзақ уақыт дайындалады.
Әскери оркестр мұндай жиынға 2-3 аптадан бастап 2-3 айға дейін уақытта дайындалады. Ол орындайтын композицияның күрделілігіне байланысты. Оркестрге кез келген әскери адамды ала алмаймыз. Ол үшін азаматтың кем дегенде орта музыкалық білімі болуы керек. Одан бөлек үрмелі немесе соқпалы аспаптарда ойнай алуы керек,- дейді бас дирижер Алмас Ибрагимов.
Көрермендер әскери үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы марштық музыканы жылы қабылдады.
Бүгін отбасымызбен орталық саябаққа келіп, әскери оркестрдің өнерін тамашаладық. Олар бір сапта тұрып, халыққа белгілі туындыларды орындап берді. Жиналған халық риза деп ойлаймын. Барлық елордалықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын,- дейді елорда тұрғыны Арман Ингибаев.