Елорда жаңалықтары

Әскерде жүрген актер халықаралық кинофестивальде үздік атанды

Аустралияда өткен  Халықаралық кинофестивальде астаналық Музыкалық жас көрермен театрының актері Әлішер Исмаилов «Ең үздік жаңа орындаушы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.

3 қарашада Аустралияның Брисбен қаласында өткен 2023 жыл бойынша «Asia Pacific Screen Awards» (APSA) атты Азия кеңістігіндегі ең басты халықаралық кино сыйлығының 16-шы мәрте марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық кино әлемінде Азияның Оскары болып саналады.

Қазақ киносының қоржыны 3 бірдей жүлдемен толықты.

Режиссер Асхат Кученчерековтің «Бауырына салу» фильмі «Ең үздік жастар картинасы», ал Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» фильмі «Ең үздік операторлық жұмыс» (қоюшы-операторы: Азамат Дулатов).

Ал үшінші сыйлық – режиссер Дархан Төлегеновтің «Братья» фильміндегі сомдаған бейнелері үшін жас актер Айбар Салы мен Музыкалық жас көрермен театрының актері Әлішер Исмаилов «Ең үздік жаңа орындаушы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл қуанышты Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Жалпы Әлішер Исмаилов отандық көрерменге, әсіресе жастар арасында өте танымал актер. Соңғы 4 жылда «Тағы бір тоқсан» (2020, «Gakku» телеарнасы), «Братья» фильмі (2021), «Барыс GENERATION» телесериалы (Хабар, 2021), «Симптомы» телесериалы (Хабар, 2020), «Игрок» web-сериалы (2022), «Тайталас» («Almaty» арнасы, 2022), «Әке» («Qazaqstan» ұлттық арнасы, 2022) т.б. фильмдер мен телехикаяларда сомдаған бейнелері Әлішер Исмаиловты көрермен ықыласына бөледі.

-->

Әлішер Исмаилов алған жүлде, ұстазы ретінде менің де мерейімді биіктетті. Қуанышты жаңалықты ол Алматы қаласындағы 5571-ші әскери бөлімде өзінің азаматтық-әскери борышын өтеп жүріп естіді. Былтыр қараша айында елордадағы театрда еңбек етіп жүрген жерінен әскери комиссариаттың шақыртуымен әскерге шақырылған еді. 

Әлішер, «Ағайындылар» (Братья) фильміндегі басты ролің арқылы алған бүгінгі жүлдең – халықаралық кино фестивальдерде алған сенің 8-ші жеңісің. Өнер мен өмір жолындағы мақсат-мұраттарыңның орындалуына тілекшімін! - деп жазды А.Маемиров.