Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе облысында да төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. 22-24 қыркүйекте облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өңірде жоғары өрт қауіпі сақталады.