Елорда жаңалықтары

Шымкентте сауда ойын-сауық орталығы өртенді (ФОТО)

Шымкентте сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ашық жану және қатты түтін болды. Өрттің жоғары дәрежесі бойынша жедел жеткен күштер мен құралдар қысқа мерзімде өртті оқшаулап, ғимараттың шатырына және үшінші қабатқа автосаты мен үш иінді сатыны орнатып 2 адамды және екінші қабаттан тағы да 2 адамды құтқарды», - делінген хабарламада.

Эвакуация жүргізілмеген, адамдар ТЖД келгенге дейін өз бетінше далаға шыққан.

Өрттің ауданы 270 шаршы метрді құрады. Себебі анықталуда.