«Шаурма фуд» мазамызды алып отыр»: Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
№59 мектеп-лицейде өтіп жатқан кездесуде Достық көшесі, №10 үйдің тұрғыны әкімге сұрақ қойды.
Өзін Жадыра Жарылқасынқызы деп таныстырған тұрғын «Алматы» тұрғын үй кешенінде тұратынын, осы үйде «Шаурма фуд» мейрамханасы ашылғаннан тұрғындардан маза кеткенін айтты.
Жеңіс Қасымбек бұл мәселені жеке бақылауына алатынын, жауабы берілетінін айтты.
Сондай-ақ Жадыра Жарылқасынқызының айтуынша, Есіл ауданы тығыз орналасқан, тұрғын үйлер салынып жатыр. Бірақ балабақша мәселесі шешілмей отыр. Осы орайда ол «Индиго» платформасына тексеріс жүргізілуі қажет екенін айтты. Өйткені балабақша кезегі жылжымайды, кері кетіп жатыр.
Әкім бұл мәселені де өзі жеке қадағалайтынын айтты.
-->Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
№59 мектеп-лицейде өтіп жатқан кездесуде Достық көшесі, №10 үйдің тұрғыны әкімге сұрақ қойды.
Өзін Жадыра Жарылқасынқызы деп таныстырған тұрғын «Алматы» тұрғын үй кешенінде тұратынын, осы үйде «Шаурма фуд» мейрамханасы ашылғаннан тұрғындардан маза кеткенін айтты.
9-подъездің тұрғындарына маза жоқ. Күндіз-түні у-шу болады. Үйде кішкентай балаларымыз бар. Түнде шудан ұйықтай алмай жүр. Бұл қаншалықты заңды? Білуімізше, иесі - мәслихат депутаты. Құқымызды бұзып отыр. Полицияға да өтініш жаздық. Учаскелік полиция келді. Бірақ нақты шешімі жоқ, - деді ол.