«Шағын бизнес шаң қауып қалмасын»: Елордада жаңа кітап жарық көрді
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада экономист, сарапшы, «Астана ақшамы» газетінің тұрақты авторларының бірі Ербосын Нұрмұқанұлының «Шағын бизнес шаң қауып қалмасын» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.
«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бас болып ұйымдастырған бұл мәдени іc-шараны Президенттің кеңесшісі Мақсат Сқақов жүргізді. Қара сөзге келгенде су жорғадай көсілетін ол Ербосын Нұрмұқанұлының адамгершілік, кісілік болмысы мен экономика саласындағы елеулі еңбектеріне тоқтала келіп, тұсауы кесіліп отырған кітаптың еліміздің экономикасын дамытып, шағын бизнеске серпін беруге септігі тиетін құнды материал екенін айрықша атап өтсе, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы жаңа кітапты оқырманға пайдасы тиетін кітап деп атады.
Автордың 50 жасқа толған мерейтой қуанышына орай жарық көрген кітапқа Ербосын Нұрмұқанұлының «Астана ақшамы», «Егемен Қазақстан» сияқты елімізге танымал газеттер мен Abai.kz порталы сияқты сайттарда жарияланған мақалалары енгізілген. Аты айтып тұрғандай, кітаптың негізгі мазмұны шағын бизнесті дамыту, мемлекеттік сатып алуға қатысты механизмді реттеу жағындағы ұтымды ұсыныстар мен шетелдің озық тәжрибелері таныстырылған.
Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ
-->Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада экономист, сарапшы, «Астана ақшамы» газетінің тұрақты авторларының бірі Ербосын Нұрмұқанұлының «Шағын бизнес шаң қауып қалмасын» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.
«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бас болып ұйымдастырған бұл мәдени іc-шараны Президенттің кеңесшісі Мақсат Сқақов жүргізді. Қара сөзге келгенде су жорғадай көсілетін ол Ербосын Нұрмұқанұлының адамгершілік, кісілік болмысы мен экономика саласындағы елеулі еңбектеріне тоқтала келіп, тұсауы кесіліп отырған кітаптың еліміздің экономикасын дамытып, шағын бизнеске серпін беруге септігі тиетін құнды материал екенін айрықша атап өтсе, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы жаңа кітапты оқырманға пайдасы тиетін кітап деп атады.
Қазақта «елге ел қосылса - құт» деген аталы сөз бар. Ербосын Нұрмұқанұлы шетелден атажұртқа оралып, білімі мен тәжірибесін ел экономикасын өркендетуге жұмсап, кәсібін дөңгелетіп жүрген азаматтардың бірі. Кәсіпкерлікпен қатар қоғамдық өмірге де белсене араласып, көргендері мен көкейге түйгендерін ел дамуына септігі тиер ұсыныс, пікірлерін мерзімді басылым беттерінде үзбей жариялап келеді. Міне, сол мақалалардың дені бүгін біз тұсауын кесіп отырған жинақтан көрініс тауыпты. Отанға үлес қосу деген осы емес пе?! Айтары бар азаматтың бұл кітабынан ойлы оқырманның маңызды да пайдалы ақпараттар алатынына күмәніміз жоқ, - деді Абзал Сапарбекұлы.