Үш жаңа нысан елорданы қосымша жылумен қамтамасыз етеді
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан» телеарнасындағы «Бас тақырып» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->
4 қазанда үшінші жылу электр орталығы өз жұмысын бастады. Биыл үшінші ЖЭО құрылысының бірінші кезеңі аяқталды, 300 гкалория беруді қамтамасыз ететін 5 қазандық жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, екі газ жылу станциясы - «Оңтүстік-Шығыс» және «Тұран» бірінші кезеңі қосылады. Бұл нысандар бірге қосымша 1000 гкалория береді. Осылайша, биылғы қыста біз бірінші рет жылу энергиясының профицитіне ие болдық. Келесі жылы қуаттылығы 850 гкалория болатын тағы екі жоба іске асырылады. Бұл қуат қоры 5-6 жылға жетеді және жылу энергиясының профицитін қамтамасыз етеді деп күтілуде, - деді Жеңіс Қасымбек.