Сенаторлар елордадағы әскери бөлімнің жағдайымен танысты
Асқар Шәкіров бастаған Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінде болды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның негізгі мақсаты Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық деңгейімен, сондай-ақ әскери бөлімнің материалдық-техникалық жарақтандыру жағдайымен танысу болды.
Жиын барысында сенаторларға бригаданың қызметтік-жауынгерлік қызметінің мақсаты мен әскери бөлімнің атқаратын міндеттері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, депутаттарға тұрмыстық жағдай, қоғамдық тәртіпті қорғаудағы әскери қызметке дайындық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қызметтік иттерді пайдалану тәртібі көрсетілді.
Жиын барысында көтерілген мәселелердің барлығы сенаторлардың назарында болады, сондай-ақ депутаттардың одан әрі заң шығару қызметінде пайдаланылады.
-->Асқар Шәкіров бастаған Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінде болды, деп хабарлады Elorda.info.