Сенатор дәрігерлердің түйткілді мәселелерін тыңдады
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Астанадағы №8 қалалық емхананың ұжымымен кездесіп, ақ халатты абзал жандардың түйіткілді мәселелеріне құлақ түріп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі таңда елорданың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында 14 518 медицина қызметкері жұмыс істейді, соның ішінде 3 414 – дәрігер, 6 364 орта медицина қызметкері бар. Ал мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік медициналық ұйымдарда 1 878 қызметкер еңбек етеді. Олардың 40%-ының баспанасы жоқ, барлығы дерлік жалдамалы пәтерлерде тұрады. Дәрігерлер халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін бағдарламалар негізінен әскери қызметшілер мен әлеуметтік көмек алушыларға бағытталған, ал медицина қызметкерлері үшін бірде-бір мемлекеттік бағдарлама не жеңілдетілген несие жоқтығына қынжылыс білдірді. Көптеген медициналық кәсіпорындар «мемлекеттік мекеме» категориясына жатпағандықтан, оның қызметкерлері қолжетімді бағдарламаларға ілікпей қалады. Осы тұрғыда емхана ұжымы қызметкердің жасына және жұмыс істейтін кәсіпорнының меншік нысанына қарамастан, медицина қызметкерлеріне арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын қарастыруды ұсынды.
Кездесуде көтерілген тағы бір мәселе – медицина қызметкерлерінің еңбек демалысы күндерінің санын арттыру. Жалпы, елімізде медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысы 36-дан 42-ге дейінгі күнтізбелік күнді құрайды. Осы тұрғыда ақ халаттылар ақы төленетін еңбек демалысы күндерін ұлғайтуды қарастыру керектігін өтінді.
Бұдан бөлек, кездесуде ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер мәртебесі бар, полигон аймағында ұзақ жылдар тұрып, денсаулығы мен ағзасына ядролық жарылыстар зардабын сезінген азаматтар кейін еліміздің басқа қалаларына көшкенде оларды, әсіресе медицина қызметкерлерін қосымша еңбекақы және жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс түріндегі әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету мәселесін қозғады.
Сенатор экологиялық зардап шеккен азаматтарға қатысты мәселені назарға алып, заңдық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жасау мүмкіндіктерін қарастыратынын айтты.
Емхана басшылығы мен қалалық «Аманат» партиясы жанындағы арнайы кеңес мүшелері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан медициналық ұйымдарды қаржыландыру мәселесін көтерді.
Олардың айтуынша, жыл сайын Астананың көптеген емханаларында ӘМСҚ тарапынан қажет етілген сомманың 60%, кейде тіпті 80%-ға дейін азайып берілуі үрдіске айналып отыр. Сәйкесінше, медициналық мекемелерде тиісті қаржыландырудың болмауынан кредиторлық берешек өскен.
Кездесу соңында Бибігүл Жексенбай емханадағы емделушілермен тілдесіп, қызмет көрсету сапасы, ем-шара, дәрі-дәрмек жеткіліктілігі мәселері жөнінде сөз қозғап, тұрғындарды да алаңдататын мәселелерді тыңдады.
-->Бүгінгі таңда елорданың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында 14 518 медицина қызметкері жұмыс істейді, соның ішінде 3 414 – дәрігер, 6 364 орта медицина қызметкері бар. Ал мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік медициналық ұйымдарда 1 878 қызметкер еңбек етеді. Олардың 40%-ының баспанасы жоқ, барлығы дерлік жалдамалы пәтерлерде тұрады. Дәрігерлер халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін бағдарламалар негізінен әскери қызметшілер мен әлеуметтік көмек алушыларға бағытталған, ал медицина қызметкерлері үшін бірде-бір мемлекеттік бағдарлама не жеңілдетілген несие жоқтығына қынжылыс білдірді. Көптеген медициналық кәсіпорындар «мемлекеттік мекеме» категориясына жатпағандықтан, оның қызметкерлері қолжетімді бағдарламаларға ілікпей қалады. Осы тұрғыда емхана ұжымы қызметкердің жасына және жұмыс істейтін кәсіпорнының меншік нысанына қарамастан, медицина қызметкерлеріне арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын қарастыруды ұсынды.