Елорда жаңалықтары

Сауытбек Абдрахманов: Тәуелсіздік күнінің Астана үшін қадірі бөлек

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахманов Тәуелсіздің күніне орай осындай пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Бұл күн - ел тарихының ерекше күн. Бұл күні біз дербес мемлекет құрдық. Тәуелсіз ел атанып, жаңаша даму жолына түстік. Содан бері Қазақстан өзге жұртпен керегесі кең, терезесі тең елге айналды. Тәуелсіздік күнінің Астана үшін қадірі тіптен бөлек. Өйткені Тәуелсіздік болмаса, аядай Ақмола елдің бас қаласына, осындай сәулетті шаһарға айналмас еді. Сол қала Тәуелсіздіктің арқасында елдің бас қаласы ғана емес, саяси тұрғыдан елдің елордасы ғана емес, барлық өсімдері, әлемдік деңгейдегі қала мәдениеті бойынша да  биік талаптарға жауап беретін үлкен шаһарға айналды. Осы қалада қиыр-қиырдан келген отандастарымыз бақыт мекенін тауып, жаңа өмірін жалғастырып жатыр. Әділетті Қазақстанның негізі осы қалада қаланып отыр. Сондықтан, біз, осы қаланың тұрғындары, Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл - біздің азаматтық парызымыз», - деген Сауытбек Абдрахманов барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.