Сарыарқа ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді
Сарыарқа ауданында 18 елордалық анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – үлкен еңбек және барлығымыз үшін үлгі. Сіздердің арқаларыңызда отбасы құндылықтары нығайып, қоғамымыздың рухани байлығы сақталуда. Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік және бақ-береке тілеймін!» – деп атап өтті аудан әкімі Бауыржан Ералы өз сөзінде.
Еске сала кетейік, «Күміс алқа» төсбелгісі алты бала дүние әкелген және тәрбиелеген аналарға, ал «Алтын алқа» жеті және одан да көпбалалы аналарға беріледі.