Елорда жаңалықтары

Сарыарқа ауданында екі күнде 64 мың текше метрден астам қар тазаланды

12-13 ақпан аралығында Сарыарқа ауданы бойынша қар тазалауға 615 жұмысшы, 298 бірлік мамандандырылған техника шықты. Қар полигонына аудан аумағынан 64 560 текше метрден астам қар шығарылған. 

Дариға Құрманәлі

-->

12-13 ақпан аралығында Сарыарқа ауданы бойынша қар тазалауға 615 жұмысшы, 298 бірлік мамандандырылған техника шықты. Қар полигонына аудан аумағынан 64 560 текше метрден астам қар шығарылған. 

Бірінші кезекте жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған жолдар мен аялдама бекеттері тазартылды. Жалпы алғанда, ауданға қарасты барлық жолдарды қардан аршу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қарлы кезеңнің басынан бастап 64 677 рейспен 9 076 340 текше метр қар шығарылғанын атап өтеміз, - деді  “Сарыарқа” ауданы әкімінің аппараты Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ерден Биданов.

Дариға Құрманәлі