Елорда жаңалықтары

Сарыарқа ауданында 500-ге жуық жарнама тақтайшасы алынып тасталды

Жыл басынан бері Сарыарқа ауданы бойынша 500-ге жуық заңсыз орналасқан жарнама билбордтары, маңдайшалар алынып тасталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жұмыс қаланың сыртқы келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатыр.

«Елорданың дизайн-кодына сәйкес жарнамалық маңдайшаларды жасау үшін негізгі қасбеттен айтарлықтай айырмашылығы бар төсенішті пайдаланудан аулақ болу қажет. Негізгі жазу фриз биіктігінің 70%-ынан аспайтын мөлшерде болуы тиіс. Бұдан басқа, барлық маңдайша қасбеттің бойында бір сызықта орналасып, ғимараттың стилімен үйлесімді болуы керек. Маңдайшалардың ғимараттың сәулеттік элементтерін бөгемеуіне ерекше назар аударған жөн» - деп атап өтті мамандар.