Самбодан Әлем чемпионаты: еріктілер жарыстан кейін спорт сарайында қоқысты жинады
Спорттық, жауынгерлік және зағип жандар арасындағы самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін еріктілер сарайды тазалап кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында еріктілер жарыстан кейін тазалықты сақтауға үлес қосты.
Бұндай әрекет өскелең жасқа үлгі болып, экологиямызды сақтауға сеп болары сөзсіз.
Айта кетейік, 8-10 қараша күндері аралығында өткен Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.
Аталмыш Әлем чемпионатына жаһанның 80 елінен 470 спортшы жиналып, 46 ел жүлдемен қайтты.