Шалкөлде көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Шалкөлде көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты 9-14 шілде аралығында Шарбақты көшесінен Бәкен Серікбаев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.
-->
Осыған байланысты 9-14 шілде аралығында Шарбақты көшесінен Бәкен Серікбаев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.