Саябақтар, гүлзарлар және веложол: «Мыңжылдық» аллеясының құрылысы қалай жүріп жатыр
Бүгінде елордада «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән беріліп келеді. Алдағы 5 жылда қала аумағына 500 мың түп жасыл желек отырғызылады. Көгалдандыру алаңы бір тұрғынға шаққанда 14 шаршы метрден 19 шаршы метрге дейін кеңейтілмек.
Жыл сайын қала аумағында тұрғындардың демалып, таза ауада серуендеуіне мүмкіндік беретін жаңа саябақтар мен гүлзар қатары артуда. Солардың бірі бүгінде құрылысы жүріп жатқан - «Мыңжылдық» аллеясы. Алты шақырымға созылған аллея құрылысы қашан аяқталады? Жасыл саябақ қалай абаттандырылады? Elorda.info тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына Урбанистика орталығының басшысы Данияр Чиндалиев жауап берді.
Аллея құрылысында бірінші кезекте инженерлік инфрақұрылым салынатын болады. Яғни, сумен және жылумен жабдықтау, электр, кәріз желілері салынады. Аллея бойында мектептер мен балабақшалар және мәдени-спорттық нысандар саны артады. Сонымен қатар аумақта 5 саябақ, 25 қосалқы гүлзар мен 50 шақырымдық веложол және 5 шақырымдық Линейный саябағы болады.
Бейбітшілік және келісім сарайынан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін алты шақырымға созылған «Мыңжылдық» аллеясы «Адамдарға арналған қала» қағидасы бойынша абаттандырылады. Орталық басшысы Данияр Чиндалиевтің сөзінше, биыл жоба бойынша «Қазақ елі» алаңы абаттандырылады.
Урбанист мамандар аллеяны толық жарықтандыру және онда ағаш отырғызу үшін стратегиялық деңгейде үш сатылы тәсілді қолданады. Атап айтқанда саябақта бой көтеретін ағаштар желден қорғайды, гүлдеп және жасыл желектердің тіршілік ету ортасын ұлғайтады. Аллеяда абаттандыру мәселесінде желдің әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ағаштар көп болады.
Аллеяны абаттандыру тұжырымдама бойынша 6 кезекке бөлінген. Биыл бірінші кезекті іске асыру жүріп жатыр, атап айтқанда Қазақ елі алаңынан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына дейін абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Келесі жылы теміржол вокзалы маңындағы саябақты абаттандыру жоспарлануда.
Айта кетейік, бүгінде қаланы көркейту мақсатында екі стратегиялық құжаттан тұратын «Елорда аумағын көгалдандыру тұжырымдамасы» әзірленді. Онда қоғамдық кеңістіктерді дамыту, көгалдандыру сызбасы мен салынып жатқан және салынған нысандарды көгалдандыру туралы жазылған. Тұжырымдамада жалпы қала бойынша егілетін ағаштардың сапасы мен жағдайы, құрылысшылар мен меншік иелеріне арналған абаттандыру ережелері қарастырылған.
Жарғыға сәйкес құрылыс салушыларға қойылатын талаптар күшейтіледі. Олар сапалы құрылыс жұмысынан бөлек, нысан аумағын абаттандыру және көгалдандыруға назар аударуы қажет. Ал бүгінгі біз тоқталған «Мыңжылдық» аллеясын қалпына келтіру жұмысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.
-->Аллея құрылысында бірінші кезекте инженерлік инфрақұрылым салынатын болады. Яғни, сумен және жылумен жабдықтау, электр, кәріз желілері салынады. Аллея бойында мектептер мен балабақшалар және мәдени-спорттық нысандар саны артады. Сонымен қатар аумақта 5 саябақ, 25 қосалқы гүлзар мен 50 шақырымдық веложол және 5 шақырымдық Линейный саябағы болады.
Бейбітшілік және келісім сарайынан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін алты шақырымға созылған «Мыңжылдық» аллеясы «Адамдарға арналған қала» қағидасы бойынша абаттандырылады. Орталық басшысы Данияр Чиндалиевтің сөзінше, биыл жоба бойынша «Қазақ елі» алаңы абаттандырылады.
Мыңжылдық аллеясы-керемет орын. Біз аллея аумағын белгілейтін кезде әлемдегі қалалардың тәжірибесіне жүгіндік. Осылайша оның аумағы «Қазақ Елі» алаңынан бастап жаңа теміржол вокзалының арғы жағындағы құрылысқа дейін 1020 гектарды қамтиды. Биыл «Қазақ елі» алаңын абаттандыру басталып, онда ағаштар отырғызылды. Аллея аумағында әлі де тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салынуда, сондықтан аумақты абаттандыру, саябақтар құру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады,- дейді ол.
Урбанист мамандар аллеяны толық жарықтандыру және онда ағаш отырғызу үшін стратегиялық деңгейде үш сатылы тәсілді қолданады. Атап айтқанда саябақта бой көтеретін ағаштар желден қорғайды, гүлдеп және жасыл желектердің тіршілік ету ортасын ұлғайтады. Аллеяда абаттандыру мәселесінде желдің әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ағаштар көп болады.
Аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған серуендер, 4 шақырымдық желілік саябақ, теміржол аумағындағы саябақ, жергілікті саябақтар мен қоғамдық бақтар, сондай-ақ кедергісіз орта мен велоспорт инфрақұрылымы құрылады. Ағаштар мен гүлдер отырғызу жолдар мен ғимараттардың орналасуына, күн сәулесінің түсуіне байланысты әрбір алаңға және қоғамдық кеңістікке жеке таңдалады. Ірі жапырақты ағаштар мен көпжылдық бұталарға басымдық беріледі,- дейді урбанист маман.
Аллеяны абаттандыру тұжырымдама бойынша 6 кезекке бөлінген. Биыл бірінші кезекті іске асыру жүріп жатыр, атап айтқанда Қазақ елі алаңынан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына дейін абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Келесі жылы теміржол вокзалы маңындағы саябақты абаттандыру жоспарлануда.
Бізде «Мыңжылдық» аллеясын дамыту тұжырымдамасы бар. Оны іске асыру барысында құрылыс жобасын жасаймыз. Биыл жоспар бойынша Тәуелсіздік сарайының айналасын абаттандыру аяқталады. Сонымен қатар 40 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған. Келесі жылы теміржол вокзалы маңы аумағы абаттандырылады. Жалпы құрылыс кезең-кезеңге бөлінген, сондықтан да оның қашан аяқталатыны әзірге белгісіз, себебі аллеяның аумағы ауқымды,- дейді Данияр Чиндалиев.