Елорда жаңалықтары

Құрылыс қалдықтарына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Есіл ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп құрылыс компанияларына құрылыс қоқыстарын тікелей объектіде сұрыптау қажеттігін еске салды, деп хабарлады Elorda.info

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық стандарттың  « Қалдықтар. мен құрылыс қалдықтарын басқару талаптары. Негізгі ережелер»  құжатының 4.8 тармағына сәйкес құрылыс қалдықтары тиісті қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға жіберілуі керек. Құрылыс қоқыстарын жинауға арналған Алаш тас жолы, 74 мекен-жайында арнайы орын дайындалған.   
 
Естеріңізге сала кетейік, Есіл ауданының аумағында қазіргі уақытта 124 құрылыс нысаны бар, түсіндіру жұмыстары мен хабарламаларды тарату  алдағы күндері де жалғасады.

-->

Осылайша, құрылыс компаниялары бір апта ішінде құрылыс қоқыстарын сақтау, сұрыптау және жою бойынша бұзушылықтарды түзетуі керек. Бұл жұмыс құрылыс компанияларының жосықсыз мердігерлік ұйымдарының рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жинауға жол бермеу шеңберінде жүргізіледі. Мәселен, "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ геопорталының деректеріне сәйкес Есіл ауданының аумағында 71 стихиялық қоқыс орны табылды.  Олардың негізгі көлемі құрылыс қалдықтары болып табылады. Мердігер ұйымдардың күшімен полигондарды жою бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде, Жыл басынан бері 17,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, кешегі кеңестің қорытындысы бойынша ауданның ірі құрылыс компанияларының өкілдерімен құрылыс салушылар рұқсат етілмеген полигондарды жоюға жәрдемдеседі деп шешілді,-дейді басқарма өкілдері
 
Естеріңізге сала кетейік, Есіл ауданының аумағында қазіргі уақытта 124 құрылыс нысаны бар, түсіндіру жұмыстары мен хабарламаларды тарату  алдағы күндері де жалғасады.