Елорда жаңалықтары

«Руки Вверх» тобының әншісі Астананың сұлулығы мен тазалығына таңданды

Астанада 19 мамыр күні аңызға айналған «Руки Вверх!» тобының концерті аншлагпен өтті. Топтың солисі Сергей Жуков сахна үстінде қаланың сұлулығынан қатты әсерленгенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Концерт Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, оған барлық жастағы жанкүйерлер қатысты. Сергей Жуков Астананың тазалығы мен сұлулығына таң қалғанын айтты.

«Мені жақсы көріп, күтіп отыратын жерге қайта келу – үлкен бақыт. Қонақжайлылық тек жай сөз емес екенін сезінесің. Кеше келген кезде сыртта ауа райы аса ыстық болмағанын көріп, іштей тынышталдым. Өйткені ең бастысы концертте ерекше өтетінін білдім. Ал бүгін күн де шықты, ауа райы да жақсы. Жалпы, мен сіздерге қызығамын, қалаларыңыз қандай таза әрі әдемі! Мұнда ұзаққа қалғым келеді», - деген Жуков көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Музыкант астаналықтарға жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты.