Елорда жаңалықтары

Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық

Ол - байырғы Ақмола қаласында туып, одан соң тың игеру орталығы болған Целиноградта еселі еңбек етті.  Ал тәуелсіздіктен кейін Астананың еліміздің еңселі елордасына айналғанының куәсі болып, бас қаланың алғашқы құрушыларының қатарынан орын алды. Қала күні қарсаңында елордадағы маңдайалды мәдени ошақтардың бірегейі – Сәкен Сейфуллин музейінің іргесін қалаушы Роза Асылбекова Elorda.info тілшісіне бас шаһардың тарихы жайлы сыр шертті. 

Кейіпкеріміздің өмірбаянына шегініс жасасақ, Роза Иманғалиқызы 1954 жылы осы өңірдегі Жамбыл атындағы орта мектепті тәмамдаған. Жас түлек арман арқалап Алматыға жол тартып, сол кездегі ел астанасындағы Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология-топырақтану факультетінде білім алады. Бес жылдан соң дипломды маман туып-өскен ортасына қайта оралып, қайнаған еңбек майданына араласып кетеді. 

Бір жылдай Қорғалжың ауданындағы Кеңбидайық ауылындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген соң, қалаға келеді. Содан бастап Сауда-экономикалық техникумында табаны күректей 17 жыл ұстаздық етеді. 

Сол кезде шағын қала болса да облыс орталығы атанған Целиноградта екі аудан құрылды. Қызметте біліктілігімен көзге түскен Роза Асылбекова бұрынғы Совет, қазіргі Сарыарқа ауданы атқару комитетінің орынбасары болып сайланды. Одан соң қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасарлығы лауазымына дейін өсті.

Ал 1988 жылы қалада Сәкен Сейфуллин музейі ашылды. Бұған дейін музейдің ғимаратын таңдап, ұсынған Роза Иманғалиқызы осы мәдени ошақтың алғашқы директоры болып тағайындалды. 

Аталған мәдени ошақта 14 жыл басшылық қызмет атқарған Роза Асылбекова еліміздің ордасын Алматыдан Астанаға көшіру кезінде де осы музейде жұмыс істеді. Алғашқы жылдары қалада бірді-екілі ғана мәдени ошақтар бар еді. Ал солардың ішіндегі бірегейі - Сәкен Сейфуллин музейіне қалаға келген көзі қарақты көпшілік бас сұқпай кетпейтін. 

Ал Астанамыз ел ордасы болған алғашқы күндер кейіпкеріміздің күні кешегідегідей көз алдында.

Оның айтуынша, Тұңғыш Президент музейді 1995 жылы келіп көрген. Сол сапарында ақынның «Көкшетау» атты кітабына қалдырған қолтаңбасында: «Асыл бабамыз Сәкен Сейфуллиннің аруағы тәуелсіз елімізді желеп-жебеп жүрсін» деп жазған.

Ал бүгінгі Астананың көркін көргенде Роза Иманғалиқызы әлі де таң-тамаша қалатынын жасырмады. 

Астананың алғашқы құрушыларының бірі Роза Иманғалиқызы қазір де қала басшылығы елордамыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуі жолында көптеген жұмыстар атқарып жатқанын «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінен оқып-біліп отыратынын айтты. Ол отандастарымызды елордаға еңбегі сіңген ардагерлер атынан алдағы күндері тойланар Астана күнімен құттықтап, «қазақтың бас ордасы  өсіп-өркендей берсін!» деген ақжарма тілегін жаудырды.

-->

«Музей құрылған алғашқы жылдардағы атқарылған жұмыстар қиын да жауапты еді. Қор жинау, жәдігерлерді іздеу, архивтерді ақтару, Сәкен Сейфуллинді танитын адамдармен кездесу, ол кісінің табанының ізі қалған жерлердің барлығын аралау – міне, осы істердің басы-қасында өзім жүрдім. 90-шы жылдары Сәкендей мемлекет қайраткерін көрген адамдардың  көзі көп болатын, біздің музейді жасақтаудағы қызметімізге қаламгердің інісінің кыздары, жазушылар, Тұрсынбек Кәкішев, Серік Қирабаев сияқты көптеген ғалымдар жәрдемдесті», - деді кейіпкеріміз.

Аталған мәдени ошақта 14 жыл басшылық қызмет атқарған Роза Асылбекова еліміздің ордасын Алматыдан Астанаға көшіру кезінде де осы музейде жұмыс істеді. Алғашқы жылдары қалада бірді-екілі ғана мәдени ошақтар бар еді. Ал солардың ішіндегі бірегейі - Сәкен Сейфуллин музейіне қалаға келген көзі қарақты көпшілік бас сұқпай кетпейтін. 

«90-жылдары саяси өзгерістердің нәтижесінде еліміз егемендік алып, мемлекетіміздің астанасы Ақмола қаласы болатын болды. Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Ұлтымыздың ардақтысы - Сәкеннің арманы орындалды» деп қатты қуандық. Кезінде 20-30 жылдары қазақ елінің астанасы туралы сөз болғанда Сәкен Сейфуллиннің Ақмоланы ел ордасы болуға лайық қала екенін айтқаны бар. Өйткені Ақмола қай жағынан болсын, Қазақстанның орталығы болды», - деді Р.Асылбекова. 

Ал Астанамыз ел ордасы болған алғашқы күндер кейіпкеріміздің күні кешегідегідей көз алдында.

«Алматыдан Президент және ел рәміздері жеткізілгенде қазіргі әкімшілік ғимаратының алдындағы қалалық алаңда үлкен іс-шара өтті. Ол кезде Президенттің әкімшілігі сонда орналасқан болатын. Желтоқсан айы еді. Күн суық. Соған қарамастан, қуанышымызда шек жоқ. Мен де алаңда болдым. Қаланың символикалық кілтін сол кездегі қала әкімі болған Әділбек Жақсыбеков Тұңғыш Президентке ұсынды. Ал маусым айында қаланың ресми таныстырылымы өтті. Оған да қатыстым. Астананы ауыстыру оңай іс пе? Бұрын 280-300 мыңдай ғана тұрғыны бар қаламыз Астана болғасын халық жан-жақтан ағылып келе бастады. Елордаға қаншама республиканың басшы органдары мен қызметкерлер көшіп келді – олардың барлығын орналастыру да оңай шаруа болды деп ойламаймын. Ал қаланың таныстырылымы қарсаңында дайындық одан сайын қарқын алып, барлық мәдени ошақтар жөндеуден өтті. Біздің музей де күрделі жөндеу мен реэкспозициядан өтіп, қыруар келушілерді қабылдады. 88-90 жылдардағы жалақының болмауы, жарықтың жиі сөнуі, телефонның істемей қалуы сияқты қиыншылықтардың барлығы қаламыз ел астанасы болғаннан кейін ұмтылды. Музейдің жағдайы жақсарды», - дейді ол. 

Оның айтуынша, Тұңғыш Президент музейді 1995 жылы келіп көрген. Сол сапарында ақынның «Көкшетау» атты кітабына қалдырған қолтаңбасында: «Асыл бабамыз Сәкен Сейфуллиннің аруағы тәуелсіз елімізді желеп-жебеп жүрсін» деп жазған.

«Әрине Астананың арқаға көшірілгенін қаланың байырғы тұрғындары да асыға күтті. Өйткені ел ордасы болады деген сөз қаланың тағдыры тамаша болады деген сөз ғой. Айтқандай-ақ, елордаға ел назары шоғырланып, бар жақсылық жасалды. Астанамыз ерекше жылдамдықпен көркейе бастады», - деп еске алды сол бір кездерді кейіпкеріміз.

Ал бүгінгі Астананың көркін көргенде Роза Иманғалиқызы әлі де таң-тамаша қалатынын жасырмады. 

«Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде Астананы салуға атсалысқан зейнеткерлермен жиі кездесіп тұрамын. Сондай бас қосуларда қаланың бүгіні мен кешегісін салыстырғанда кеудемізді шаттық кернейді. Шығыс пен Батыстың мәдениеті астасқан шаһардың сәні мен салтанаты шетелдегі қалалардан артық болмаса, кем емес деп санаймыз. Қазір Астанамызды әлем таниды», - дейді ол. 