«Үркер» тұрғын алабы көгалдандырылады
Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов пен аудан әкімінің инспекторы Жарқын Айтжанов «Үркер» тұрғын алабындағы қоғамдық кеңістіктерді аралап шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Мердігер ұйымдар мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде алапты күтіп ұстау мәселелері талқыланды.
Аялдаманың алғашқы нүктесі – К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы болды. Биыл нысанның жанында мектеп автобустарына арналған тұрақ аймағын жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ, мектепке іргелес Исатай батыр көшесінде бірнеше ағаш отырғызылады.
Аралау барысында аппарат қызметкерлері мердігер ұйымдарға бірқатар тапсырмалар берді. Ескертулер санитарлық тазалауды күшейтуге, сондай-ақ жасыл желектерді ұстауға, бейнебақылау камераларын қосуға және жарықтандыруға қатысты болды.
Айта кетейік, 2023 жылдың ақпан айында тұрғын алапты дамытудың жол картасы қабылданды. Қазіргі уақытта Үркерде 2 мемлекеттік мектеп, инженерлік желілер, тротуарлар және т.б. салынуда. Сондай-ақ, биыл ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі спорттық үйірмелерге тұрғын алаптың балалары арасында іріктеу жүріп жатыр.
-->Мердігер ұйымдар мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде алапты күтіп ұстау мәселелері талқыланды.
Аялдаманың алғашқы нүктесі – К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы болды. Биыл нысанның жанында мектеп автобустарына арналған тұрақ аймағын жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ, мектепке іргелес Исатай батыр көшесінде бірнеше ағаш отырғызылады.
Мектеп жанындағы алаң да назардан тыс қалған жоқ. Ойын алаңының барлық элементтері жөнделіп, ретке келтіріледі.
Биылдан бастап Айғыржал көшесіндегі гүлзарға ерекше назар аударылатын болады. Енді қоғамдық кеңістікті аудандық әкімдік қарамағына алады
Қазіргі уақытта гүлзарды Нұра ауданы аппаратының балансына беру үшін акт дайындалуда, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.