Елорда жаңалықтары

Елордада конкурдан ел чемпионаты басталды

Елордада  алғаш рет конкурдан республикалық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Elorda info.

Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов, Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев және Республикалық ат жарыс федерациясының президенті Дәурен Асхат қатысты. 

21-10-8.jpg

Ең үздіктер қатарына ену үшін екі күн бойы әр түрлі биіктіктегі 8 санат бойынша бағы мен бабы келіскен 80-ге жуық сәйгүліктер шеберліктерін көрсетеді. 

Бұл сынға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларынан 50-ге жуық шабандоз қатысуда. Олар биіктігі мен күрделілігі бойынша сегіз түрлі бағытта 2 күн бойы бақ сынайды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 26 миллион теңгені құрайды.

-->

Бүгінгі доданың осындай маңызды мерекемен тұспа-тұс келуінің үлкен символдық мәні зор. Жылқы десе жүгенін ала жүгіретін қазақ үшін ат спортының алар орны ерекше. «Тұяғымен тасты қопарар жорғадай, Арғымақ – Қазақ, бірі үшін бірі жаралған» дейтін бабаларымыз тұлпарды ерекше қадірлеген.Конкур спорты қазақ даласына кенжелеп жетсе де, бізге жат емес. Олай дейтініміз, өз заманында атағы алты құрлыққа жайылған хас тұлпар Абсент биіктігі 170 сантиметр кедергіні қиындықсыз бағындырып, үш мәрте Олимпиада жүлдесін алды, - деді Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов.

Ең үздіктер қатарына ену үшін екі күн бойы әр түрлі биіктіктегі 8 санат бойынша бағы мен бабы келіскен 80-ге жуық сәйгүліктер шеберліктерін көрсетеді. 

Бүгінгі Чемпионатқа жекелеген санаттар бойынша Қырғызстаннан келген шабандоздардың қатысатынын атап өткім келеді. Бас қаламызда олимпиадалық ат спорт түрі Конкур спортын дамытуға, салауатты өмір салтын  насихаттауға барлық жағдайлар жасалған.Халқымыздың күрескер рухы, намысқа суарылған мінездері осындай жанкешті сайыстарда шыңдалады. Ендеше, қатысушыларға бізде тақым қысамыз. Сексенге жуық жүйріктің ішінде алдына қара салмас шын жүйрік жеңіске жетсін, - деді Ерлан Каналимов. 

Бұл сынға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларынан 50-ге жуық шабандоз қатысуда. Олар биіктігі мен күрделілігі бойынша сегіз түрлі бағытта 2 күн бойы бақ сынайды.

Астана қаласында өткен жарысқа Қырғызстаннан 2 шабандоз қатысып жатырмыз. Жарыста бәсекелестік деңгейі жоғары. Елорда төріне алғаш келіп тұрғаным жоқ. Бұған дейін 11 жыл бұрын жарысқа келіп едім. Осы аралықта Астана қаласы айтарлықтай өзгеріп, ат спортына да көңіл бөлініпті. Жаңа «Арғымақ» ат спорты кешендеріңіз құтты болсын! Енді далада емес, күн қанша салқын болса да, жабық кешенде жаттығу мүмкіндігі болу керемет көрсеткіш! - деді, Қырғызстаннан келген қатысушы Андрей.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 26 миллион теңгені құрайды.