Референдум күні елордада қоғамдық көліктер тегін қатынайды
6 қазан (жексенбі), яғни Референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін болады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тегін жол жүру қала және қала маңы бағдарларында қатынайтын маршруттарға да қолданылады.
«Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан, дүйсенбі, қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді», - деп жазылған хабарламада.