Елорда жаңалықтары

Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның нәтижелерін белгіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz ORTSAILAUKOM-ға сілтеме жасап.

«Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66%-н құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады», - делінген хабрламада.

Осылайша, референдум өтті деп саналады.
Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.